Үстінен қылмыстық іс қозғалды : актер Нұрсұлтан Жақсыген туралы ақпарат жарияланды

05.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы оның бұрынғы жұбайы әлеуметтік желіде жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Фариза Алмазқызының айтуынша, қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған.

«Осы жаңалықпен сіздермен бөлісуім керек. Себебі бәрі сіздердің көз алдарыңызда болды. Бүгінгі таңда Жақсыген Н үстінен қылмыстық іс қозғалды, 2 баппен. Біз адвокат екеуіміз  бұл іс бойынша сотқа дейін барып, нүктесін қоямыз. Заң алдында тиісті жазасын алады», - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Фариза Алмазқызы бұрынғы күйеуінің өзінің ар-намысына тиген түрлі хаттарын жариялаған болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью