Ұсыныстар ескерусіз қалмайды

28.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Сурет: baq-orda.kz

«Достық үйінде» өткен кездесуде партия өкіл­дері өңір халқының талап-тілектерін тың­дап, әрбір ұсыныс ескерусіз қалмайтынын айт­ты.

Сондай-ақ Павлодарда «Әділет» партия­сының брендімен безендірілген жолаушылар трамвайлары қатынай бастады. Олар сайлауал­­­ды нау­қанының бір бөлшегіне айналып, қала­ның түрлі аудандарына мыңдаған жолаушыны тасы­мал­дайды.

Партияның Павлодар облыстық филиалы­ның төрағасы Асылбек Туғанбайдың айтуын­ша, трамвайлар бұрыннан Павлодардың рәмізі іспетті, сондықтан да тұрғындармен жұмыс істеуге осындай формат таңдалды.

Оның сөзінше, партия брендімен көр­кемделген 5 вагон бүкіл Павлодарды аралап, ең алшақ аудандарға қатынайды. Трамвай ішіндегі жолаушылар діттеген жеріне жете отырып, партияның «Әділетті болашақ үшін» бағ­дарламасы туралы жақыннан танысып, де­пу­таттыққа кандидаттармен сөйлесіп, өзде­рін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсы­ныс­та­рын жеткізе алады.

«Әділет» партиясы сайлауалды науқан аясындағы ең ауқымды жобаның бірі – «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуенін іске қосты. Алты мобильді керуен еліміздің 17 облы­сына жол тартады. Бір ай ішінде олар 100-ден астам қала, аудан орталығы мен ауылды аралап, тұрғындармен кездеседі. Сайлауалды бағ­дарламаны таныстырып, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдайды.

Айта кетсек, қазіргі уақытта тұрғындармен кездесулер бүкіл облыс бойынша: Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында, аудан орталық­та­рында өтіп жатыр. Олардың басты мақсаты – халықты партия бағдарламасымен таныстыру, тұрғындардың ұсыныстарын жинау.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью