Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ол экономикалық реформа секциясында бірқатар маңызды мәселені ортаға салған. – Соның бірі – банк саласының қызметін реттеу.
Мерзімі өткен несиелері бар азаматтардың банктік шоттарын бұғаттау тәжірибесін қайта қарауды ұсындым.
Өйткені бұл адамның жұмыс істеуіне, әртүрлі төлем жасауына кедергі келтіреді. Бір сөзбен айтқанда, адам құқығын шектеумен бірдей.
Мұны толығымен тоқтату немесе жартылай ғана бұғаттап, қаражаттың қалған бөлігін адам өзі пайдалана алатындай мүмкіндік жасалуы керек.
Халықтың талап-тілегінен туған ұсынысыма сәйкес банк қызметіне қатысты шешім қабылданды. Қатаң шаралар жүзеге асырылатын болды.
Онлайн несие берілмейтін болды. Несие алғысы келген адам банкке өзі барып, тіркелуі керек, - деді депутат.
Жиі сынға ілігетін білім және медицина саласы бойынша да кейбір түйткілдің түйіні осы жиында тарқатылғандай.