Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Шымкентте әйел өз балаларына қорлық көрсеткен. Оның ата-ана құқықтары шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шымкентте әйел өз балаларына қорлық көрсеткен. Оның ата-ана құқықтары шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?Қаңтарда әлеуметтік желілерде денелері көгерген және терісі күйген балалардың видеосы тараған болатын. Кейін мұны істеген олардың туған анасы екені белгілі болды.
"Ол ұлы мен қызын аяусыз сабап, денелерін ыстық үтікпен күйдірген. Олардың жағдайы тек физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да ауыр деп бағаланды", - делінген видео сипаттамасында.
Сондай-ақ, әйел үлкен қызының шашын қиып тастағаны, баланың аузын ыстық шанышқымен күйдіргені, балаларды өзенге апарып, мұздай суға батырғаны, ал үйге келген соң қорлық көрсетуді жалғастырғаны айтылды.
Балаларға үйде қалай қарайтыны туралы шындық 9 және 11 жастағы балалар мектепке бармай қойғаннан кейін ашылған. Отбасына педагогтар барып, балалардың жантүршігерлік күйін көрген соң, полицияға хабарласқан.
Сол кезде 29 жастағы әйел ұсталды.
Ата-ана құқығын шектеуЖақында Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Білім басқармасының осы балалардың анасына қатысты ата-ана құқығын шектеу және алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Сот әйелдің кәмелетке толмаған балаларына қатыгездік көрсеткенін анықтады. Сонымен қатар, шетелде жүрген балалардың әкесі бұл оқиғалардан хабардар екені белгілі болды.
"Сот "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарын ескере отырып және балалардың мүдделерін негізге ала отырып, талап арызды қанағаттандырды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, анасына қатысты балаларға қатыгездік көрсету және азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться