Утильалым: Ресей мен Беларусьтен келетін техникаға талап неге күшеймек?

23.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ресей мен Беларусьтен әкелінетін автокөлік пен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына утилизациялық төлемді арттыру ұсынылды. Басты мақсат – ЕАЭО ішіндегі төлемдердегі теңсіздікті жою, параллель импортты тоқтату және ортақ нарықтағы баға алшақтығын азайту, деп жазады Egemen.kz.

Бұл бастама Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген, ал құжатты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жариялаған бұйрық жобасында көрініс тапты. Ұсынысқа сәйкес, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан импортталатын көлік пен ауыл шаруашылығы техникасына 2 коэффициент, ал Қазақстанда құрастырылған немесе ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден, сондай-ақ Армения мен Қырғызстаннан әкелінетін техникаға 1 коэффициент қолданылмақ. Яғни базалық мөлшерлеме сақталады, бірақ елге байланысты түзету күшейеді.

Утильалым қалай реттеледі?

Ұсынылған әдістеме утилизациялық төлем кестесін түбегейлі өзгертпейді, алайда Ресей мен Беларусьтен келетін өнімдер үшін төлемді айтарлықтай арттырады. Бұл шешімнің түпкі логикасы – төлемдердегі теңгерімсіздікті жою. Қазір Қазақстаннан Ресей мен Беларуське экспортталатын көліктерге ол елдерде утилизациялық төлем есептелгенде, үшінші елдерден келетін тауарларға салынатын кедендік алымдар, ҚҚС және акциздер айырмасы қосымша өндіріліп алынады. Нәтижесінде төлем көлемі іс жүзінде көліктің құнына жуықтайды.

Мысал ретінде, Қазақстаннан Ресейге көлік экспортталғанда 20% ҚҚС алынады. Бұдан бөлек, Ресейдің утилизациялық төлемін есептеу кезінде базалық мөлшерлемеге ҚҚС мөлшерлемелерінің айырмасы қосылады. Бұл айырма 2026 жылы 4% болғанымен, қазірдің өзінде нарықта айтарлықтай салмақ түсіріп отыр.

Алайда Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 454 және 456-баптарына сәйкес, Қазақстанда еркін кеден аймағы немесе еркін қойма режимінде пайдаланылған шетелдік компоненттермен құрастырылған көліктер ЕАЭО тауарлары ретінде танылады. Демек, мұндай өнімге Беларусь пен Ресейде «кедендік коэффициенттерді» қолдану заңдық тұрғыда негізсіз.

Осы қайшылықты жою үшін Қазақстан Ресей мен Беларусьтен келетін техникаға утильалымды арттыруды ұсынып отыр. Нәтижесінде Қазақстандағы төлем көлемі Ресей заңнамасында 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап белгіленген деңгеймен теңестіріледі. Бұл – одақ ішіндегі регуляторлық және баға айырмашылығын болдырмауға бағытталған қадам.

Утильалымды төлеуді міндеттейді, бірақ ескі көлікті қабылдамайды. Неліктен?

Тағы бір маңызды уәж – ауыл шаруашылығы техникасы нарығындағы параллель импорт. Қазір Қазақстанда беларусь және ресейлік брендтердің техникасы лицензиялық келісімдер негізінде жергілікті жерде өндіріледі. Бірақ осы келісімдерге қарамастан, дайын өнім тікелей импортталып, жергілікті өндірісті айналып өтетін схемалар бар. Жобада утильалымның жоғары коэффициенті дәл осы тәжірибені тежеу құралы ретінде ұсынылады.

Өнеркәсіп саясаты тұрғысынан алғанда, бастама ішкі өндірісті қорғау ғана емес, ортақ нарықтағы әділ бәсекені қалпына келтіруді көздейді. Бұл туралы министрлік өкілі де атап өтті.

Өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Әділбек Бектібаевтың айтуынша, Қазақстан утильалым мен импорт саласындағы саясатын мемлекет, бизнес және тұтынушы мүдделерінің теңгеріміне негіздеп қалыптастырып келеді.

«Отандық өндіріс, ЕАЭО елдерінен және үшінші мемлекеттерден импорт үшін болжамды әрі түсінікті режимді сақтау – біздің негізгі ұстанымымыз. Бұл тәсіл нарықтың ашықтығын және барлық қатысушылар үшін тұрақты ережелерге ұмтылысты көрсетеді», дейді Әділбек Бектібаев.

Ұсыныс әзірге жоба деңгейінде. Дегенмен ол қабылданса, Қазақстанның утилизациялық төлем жүйесі ЕАЭО аясындағы серіктестермен барынша үйлестіріліп, параллель импортқа тосқауыл қоюға және өндірісті әділ қорғауға бағытталған нақты тетікке айналмақ.

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью