Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Айта кету керек, 2025 жылдың толық статистикалық деректері әлі жарияланбағандықтан, 2024 жылдың деректері негізге алынды. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2015 жылы Қазақстанда жаңа жеңіл автокөліктердің бөлшек саудадағы жалпы сатылым көлемі 186 млрд 594 млн теңге болған. Қазақстан автокөлік одағының деректеріне сүйенсек, сол жылы 97 446 жаңа жеңіл автокөлік сатылған.
Орташа сатылым бағасы — 1 млн 915 мың теңге. 2024 жылы жаңа жеңіл автокөліктердің бөлшек саудадағы жалпы сатылым көлемі шамамен 1 трлн 860 млрд теңгеге жеткен. Сол жылы шамамен 205 мың жаңа жеңіл автокөлік сатылған. Орташа сатылым бағасы — 9 млн 070 мың теңге. Осылайша ішкі нарықтағы жеңіл автокөліктің орташа сатылым бағасы 1,91 млн теңгеден 9,07 млн теңгеге дейін өсіп, 4,74 есе артқан.
Ұлттық статистика бюросының деректері 2015-2024 жылдар аралығында жинақталған инфляция шамамен 2,5 есе өскенін көрсетеді. Ұлттық банк деректері бойынша, теңгенің долларға шаққандағы орташа жылдық бағамы 2015 жылғы 222 теңгеден 2024 жылы 456 теңгеге дейін әлсіреп, шамамен 2,05 есе өзгерді. Яғни 2015-2024 жылдары автокөлік бағасының өсімі инфляциядан да, теңге бағамының өзгерісінен де жылдам болды.
Ұлттық статистика бюросы мен халықаралық автомобиль ұйымдарының деректеріне сәйкес, утильалым енгізілгенге дейінгі 2005-2015 жылдары жаңа автокөліктің орташа бағасы 904 мың теңгеден 1,91 млн теңгеге дейін өсіп, 2,12 есе артқан. Осы кезеңдегі жинақталған инфляция 2,03 есе болған. Яғни автокөлік бағасы инфляциямен шамалас қарқынмен өскен. Ал 2015-2024 жылдары автокөлік бағасы инфляциядан 1,9 есе жылдам өскен. Бұған дейін Қазақстаннан Ресей мен Беларуське экспортталатын көліктің утильалымы өскенін жазған едік.