Ұялы байланыс пен интернет тарифтері 15 20% ға қымбаттауы мүмкін

31.10.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қараша айынан бастап Қазақстандағы бірнеше ұялы байланыс операторы мен интернет-провайдерлер өз қызметтері мен тарифтеріне жаңалықтар енгізіп, тарифтік шарттары ғана емес, жазылым құныда өзгермек, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Digitalbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

5 қарашадан бастап 3G желісі бойынша  Tele2 / Altel операторлары Жамбыл облысының Қаратау, Жаңатас қалалары мен Қарағанды облысының Абай, Сарань, Шахтинск және Түркістан облысы бойынша Жетісайда жұмыс тоқталыда. Ал 19 қарашадан бастап 3G желісі Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласында да өшіріледі.

Beeline Қазақстан да бірнеше қызметін тоқтатпақ. Мәселен, 1 желтоқсаннан бастап «Keńse 30» тарифі бойынша Loyalty қызметі енді қосылмайды. Ал 15 қарашадан бастап Kcell және Activ абоненттері үшін Litres электронды және аудиокітаптар қызметінің құны өзгереді. Яғни, күніне – 50 теңге, вйына – 1190 теңге.

Жалпы, 2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда мобильді байланыс пен интернет бағасы шамамен 15-20%-ға қымбаттауы мүмкін. Операторлар мұны шығындардың өсуімен байланыстырады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью