Ұялы байланыс тарифі 151% ға қымбаттады: Қызмет сапасына шағым көбейді

03.04.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мәжілісте ұялы байланыс саласындағы өзекті мәселелерге арналған жұмыс кездесуі өтті. Жиында тарифтердің күрт қымбаттауы, қызмет сапасының төмендігі және нарықтағы бәсекенің әлсіреуі кеңінен сөз болды, деп жазады Egemen.kz.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Кездесу Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің төрағалығымен өтті. Негізгі назар тарифтердің негізділігіне, олардың халыққа әсеріне және байланыс сапасына аударылды.

Қазіргі таңда елдегі ұялы байланыс нарығында небәрі үш оператор ғана жұмыс істейді. Сарапшылар мұны бәсекенің төмендеуіне әкелетін негізгі факторлардың бірі деп бағалайды. Соның салдарынан тарифтердің өсуі байқалады. Мәселен, өткен жылы монополияға қарсы органға 1 000-нан астам, ал Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 1 700-ден астам шағым түскен.

Ұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауы халықтың қалтасын қағып жатыр. Депутаттар премьер-министрден түсініктеме талап етті

«Respublica» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау жиында бірқатар өткір мәселені көтерді. Оның айтуынша, кейбір байланыс операторлары тарифтерді негізсіз көтеріп отыр.

«Талдау Beeline тарифтерінің 151%-ға өскенін көрсетеді, бірақ бұл өсімге нақты түсініктеме берілмеді. Екіншіден, неге бұл салаға жаңа инвесторлар келмейді? Егер нарық тартымды болса, инвестиция салуға дайын компаниялар табылар еді. Үшіншіден, неге байланыс сапасы төмен? Интернет трафигі тез таусылады, шексіз интернетке ай сайын абонемент төлейсің, бірақ соңғы 5-6 күн мүлдем істемейді. Ауылдық жердегі жағдай тіпті қиын», деді депутат.

Жиын барысында депутаттар азаматтардан түсетін шағымдардың жүйелі түрде шешілмей отырғанын атап өтті. Әсіресе, интернет жылдамдығының тұрақсыздығы, қызмет сапасының төмендігі және тарифтердің негізсіз өсуі қоғамда алаңдаушылық туғызып отыр.

Beeline, Tele2 және Altel абоненттік ақыны қымбаттатынын мәлімдеді

Кездесудің басты мақсаты – байланыс операторларының коммерциялық мүдделері мен азаматтардың сапалы әрі қолжетімді қызмет алу құқығы арасындағы теңгерімді табу.

Депутаттар бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, нарықтағы ашықтықты арттыру және нақты тетіктер арқылы тариф саясатын реттеу қажеттігін алға тартты.

Соңғы жаңалықтар

Өнеркәсіптегі кооперация: Қазақстан мен ЕЭК бірлескен жобаларды талқылады

Экономика • Бүгін, 11:12

Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер: 16 мыңнан астам адам тізімнен шығарылды

Қоғам • Бүгін, 11:01

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: Командирдің салғырттығы бойынша тергеу аяқталды

Заң • Бүгін, 10:41

Алматы әуежайындағы автотұрақтар кеңейтіледі

Алматы • Бүгін, 10:30

Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды

Аймақтар • Бүгін, 10:22

Ұлттық орталық музейде айрықша сурет көрмесі ашылды

Руханият • Бүгін, 10:06

Ақ халатты алаяқтар көбейді: Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға ескерту жасады

Қоғам • Бүгін, 10:04

Астанада қауіпті көше жарысын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:53

Үкімет жаңа тұжырымдаманы бекітті: Бокс саласында қандай өзгеріс болады?

Үкімет • Бүгін, 09:47

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

Ауа райы • Бүгін, 09:32

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:18

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15

Әлем чемпионатына қатысатын командалар анықталды

Футбол • Бүгін, 09:10

«Елорда тазалығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік»

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:07

Ұлттық құрама – турнир жеңімпазы

Спорт • Бүгін, 09:05

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью