Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Шымкент қаласында Digital Qazaqstan 2026 форумы аясында өңірдегі ең ірі IT іс-шаралардың бірі – Central Asia Programming Championship 2026 халықаралық спорттық бағдарламалау чемпионаты өтеді. Бұл дода Орталық Азияның дарынды бағдарламашыларын бір алаңға жинайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған додаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінен 20 жастан асқан қатысушылар қатысады. Онлайн іріктеу кезеңі 28 ақпанда өтеді, ал финал 2026 жылғы 27 наурызда Шымкентте офлайн форматта ұйымдастырылады.
Айта кетейік, биыл финалда арнайы сараптамалық бағдарламаға ерекше мән берілген. Қонақтар қатарында халықаралық технологиялық компаниялардың өкілдері бар. Атап айтқанда, Meta компаниясының аға әзірлеушісі Бақытжан Байжикенов, AGI Lab және Khan Group компанияларының бас директоры Жомарт Садықов, Higgsfield AI компаниясының VP for Talent Далида Еркулиева, Google компаниясының аға әзірлеушісі Аман Өтемұратов, Booking компаниясының әзірлеушісі Нарикби Мақсұт және TON Core өкілі Александр Кирсанов қатысады. Сала көшбасшыларының қатысуымен өтетін бағдарлама кәсіби пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және жаһандық технологиялық компаниялардағы мансап мүмкіндіктерін талқылауға жол ашады.
Жалпы жүлде қоры – 3 млн теңге: бірінші орынға – 1,5 млн теңге, екінші орынға – 1 млн теңге, үшінші орынға – 500 мың теңге беріледі.
Жарыс жеке форматта өтеді. Бұл әр қатысушыға халықаралық деңгейдегі ICPC стиліндегі алгоритмдік тапсырмалар арқылы өз білімін, логикалық және талдау қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді. Финалға әр елден үздік үш қатысушы жолдама алады. Бұған қоса, ұлттық квотаға енбеген, бірақ жоғары нәтиже көрсеткен тағы 25 қатысушы финалға өтеді. Осылайша шешуші кезеңде өңірдің ең мықты бағдарламашылары бақ сынайды.
Алматы жастары мен IT қауымдастық конституциялық реформаны қолдайды
«Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға басымдық беріп отырған кезеңде мұндай бастамалардың маңызы арта түседі. Central Asia Programming Championship жай ғана жарыс емес, жаңа инженерлік ортаны қалыптастыратын, өңірлік ынтымақтастықты нығайтатын және Орталық Азияның IT-таланттарының әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін нақты алаң. Біз мықты әзірлеушілерге халықаралық сарапшылармен тікелей байланыс орнатуға, жаһандық технологиялық жобаларға қатысуға және кәсіби тұрғыда өсуге жағдай жасауды маңызды деп санаймыз», деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары - цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мадиев.
Чемпионатқа қатысу тегін. Финалистердің жол шығынына 100 000 теңгеге дейінгі қаражат және тұру шығындарын ұйымдастырушылар өтейді.
«Біз үшін бұл чемпионат тек жарыс қана емес, өңірдегі мықты технологиялық қауымдастықты біріктіретін алаңға айналуы тиіс. Дарынды әзірлеушілер өз мүмкіндігін көрсетіп, халықаралық сарапшылардан кері байланыс алып, индустрия өкілдерімен тікелей байланыс орната алады. Central Asia Programming Championship – Орталық Азиядағы жаңа буын инженерлерін дамытуға қосылған үлес», деді Alem.ai Foundation директоры Адина Магавина.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионатқа қатысу тек ақшалай жүлдемен шектелмейді. Қатысушылар күрделі алгоритмдік тапсырмалар арқылы өз деңгейін сынап, өңірлік және халықаралық IT-компаниялардың назарын аудара алады, кәсіби байланыстарын кеңейтіп, серіктес компаниялардан жұмыс ұсынысын алу мүмкіндігіне ие болады.
Чемпионатты Alem.ai Foundation, Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы және Astana Hub ұйымдастырады. Іс-шара Higgsfield.ai және AGI Lab қолдауымен өтеді.
Соңғы жаңалықтар
Нанға жасырылған сәлемдеме: Өскеменде түзеу мекемесіне телефонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Келісімшарт негізіндегі әскери қызметтің қандай артықшылықтары бар?
Әскер • Бүгін, 15:48
Азия чемпионаты ма әлде темірдей тәртіп пе? Семейдегі пойызды кідірткен қандай жағдай?
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Қоғам • Бүгін, 15:41
Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды
Қоғам • Бүгін, 15:32
Испания Ұлттық балетінің әртісі Астанада шеберлік сағатын өткізді
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге маңызды ескерту жариялады
Қоғам • Бүгін, 15:06
Қарағандылық маман – Қазақстанның үздік криминалистерінің қатарында
Қоғам • Бүгін, 15:02
Қазақстан зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдер рейтингіне енді
Оқиға • Бүгін, 14:58
Алматыда курьерлік қызметке қойылатын талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 14:50
Алты құрлық тыңдаған хабар: Бельгия радиосы Димаштың шығармашылығын дәріптеді
Ән • Бүгін, 14:38
АҚШ-тағы заң мектебінде еліміздің жаңа Конституциялық реформасы талқыланды
Ата заң • Бүгін, 14:27
«Тұран» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Бүгін, 14:10
«Химфармның» өндірістік әлеуеті артады: Жаңа 38 дәрі-дәрмек шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 13:54