Үздік нәтиже жеңіске бастайды

06.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Тестілеуге қатысу­шы­лар­дың 71 пайызы қазақ тілін, 29 пайызы орыс тілін таңдаған. Сонымен қатар талап­керлер тестіні 259 рет ағыл­шын тілінде тапсырған. Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинаған. Ал бес пән негізінде орташа нәтиже 65 балды құрады. Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл. Бұл нәтижеге әзірше

7 оқушы, атап айтсақ, Жамбыл облысы Құлан ауданынан Назерке Сәрсенбай, Семейден Ерасыл Сайлауов, Түркістан қаласынан Айсұлтан Жаңбырбай мен  Жасур Нышанбай, Тараз қаласынан Нұрғанат Қанат, Қызылорда қаласынан Кәусар Алтынсары, Павлодар облысынан Әсет Альтаир қол жеткізді.

Министрлік дерегінше, ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлер үшін де қажетті жағдай жасалған. Биылғы тестілеуге аталған са­нат­тағы 392 талапкер қатыс­қан. Тестілеу барысында талапкерлерге апелляция беру мүмкіндігі қарастырылған. Тест тапсырмаларының маз­мұ­ны­на қатысты өтініштер емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде қабылданады. Ал техникалық мәселелер бойынша апелляция тестілеу кезінде беріледі. Нәтижелер көрсетілген сертификаттар апелляция қарал­ған­нан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.

«ҰБТ басталғалы бері үш апта ішінде 283 ереже бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 168 талапкер смартфон, смарт көзілді­рік, микроқұлаққап, басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілген. Сондай-ақ 115 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғандықтан аудиториядан шы­ғарылып, олардың нәтижелері жойылған. Өзге адамның орнына тест тапсыру деректері анықталмаған. Министрлік өкіл­дерінің хабарлауынша, ҰБТ аяқ­талғаннан кейін де бақылау жұ­мысы жалғасады. Осы жылдың

31 қаза­­нына дейін бейнежазба­лар­ға талдау жүргізіліп, ереже бұзу фактілері анықталған жағдай­­да талапкерлердің нәтиже­лері жарамсыз деп танылады», делінген.

Айта кетейік, биыл негізгі ҰБТ-ға қатысуға  240 мыңға жуық талапкер екі мүмкіндік бойынша жалпы саны 446 мыңнан астам өтініш берген.

Аружан ДОСЫМХАН,

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенті

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью