Үздіктер қатарынан көрінді | Qazaq24.com
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Таразда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып түлектері жасанды интеллект бағыты бойынша өткен халықаралық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді.
«Fizmat Al Olympiad» додасында топқа түскен жас таланттар үшінші тұғырға табан тіреді.
Нұрасыл Серіков, Улугбек Османов, Исламнур Хусаинов бастаған оқушылар тынымсыз ізденістің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Мамандардың айтуынша, «Fizmat Al Olympiad» додасы – жасанды интеллект, бағдар­лама­лау және деректерді талдау сала­­сындағы білім мен тәжіри­белік дағдыны дәріптейтін ірі сайыс­тардың бірі.
Осы жылы халық­аралық байқауға жеті мемлекеттен келген үздік командалар қатысып, өзара кіл мықтыны анықтады.
Қатысушылар келтірген дерекке жүгінсек, байқаудың іріктеу кезеңінің өзі тартысты өткен көрінеді.
Білім додасына қатысуға ниет білдірген үміткерлердің ішінен бар болғаны 150 оқушы ғана келесі кезеңге жолдама алған.
Читать полностью
Читать новость