Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
«Қазақстан қор биржасы» (KASE) Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов CFO SUMMIT KAZAKHSTAN 2026 іс-шарасына қатысты. Ол банктер мен даму институттарының өкілдерімен қатар «Ұзын ақша, қысқа цикл және қымбат капитал» атты панельдік пікірталаста сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
фото: kase.kz
Қатысушылар ішкі нарықтағы «ұзын» ақша көздерін, зейнетақы активтерінің рөлін талқылап, банктердің борыштық бағалы қағаздарды шығаруға неге асықпайтыны жөнінде пікір білдірді. Сондай-ақ спикерлер инвесторлар шеңберін кеңейту және транзакциялық шығынды азайту тұрғысынан цифрлық қаржы құралдарының әлеуетін қарастырды.
Әділ Мұхамеджанов ұзақмерзімді инвестициялар нарығында негізгі рөлді бүгінде зейнетақы қорлары атқаратынын атап өтті. Ұзақмерзімді облигациялар мен өзге де борыштық құралдарды сатып алуға көбірек инвестор тарту үшін олардың қарыз алушыларға сенімі болуы және нарықтың тұрақтылығына арқа сүйей алуы маңызды. Сонымен қатар, оның айтуынша, технологиялар нарық мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа қатысушыларды тартуға ықпал ете алады.
«Технологиялардың өзі ақшаны автоматты түрде ұзын немесе арзан етпейді, алайда олар жаңа ойыншылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасап, нарықты кеңейте алады. Цифрлық қаржы құралдары мен токенизация маңызды үш артықшылық береді: операцияларды автоматтандыру, бөлшек инвесторлар үшін кедергілерді азайту және құралдарды нарыққа жедел шығару», деп атап өтті KASE басшысы.
Оның сөзінше, бүгінгі таңда биржаның міндеті – нарықты бөліктерге бөлмей, классикалық және цифрлық инфрақұрылымды интеграциялау. Барлық құрал бірыңғай кеңістікте қолжетімді болып, инвестор үшін оларға қол жеткізудің қарапайым әрі түсінікті негізі болуға тиіс.
Ораз Жандосов: Либералданбаған нарықтар мен алтынды «айналау» инфляцияны кұшейтіп жібереді
Соңғы жаңалықтар
Түркия билігі Араб елдеріне әуе рейстерін тоқтатты
Әлем • Бүгін, 22:28
Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті
Саясат • Бүгін, 21:40
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Шиеленіс аймақтарынан 946 отандасымыз шығарылды
Әлем • Бүгін, 21:25
Конституциялық реформа: Ел дамуының жаңа кезеңі
Ата заң • Бүгін, 20:45
Ақмола облысында газ баллондарын тексеру жұмыстары күшейді
Аймақтар • Бүгін, 20:39
Түркия өз әуесінде Ираннан ұшырылған зымыранды жойды
Әлем • Бүгін, 19:48
Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция құндылықтарын толық қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:29
«SARAP» отырысында жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:23
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 18:57
Астаналық оқушы компьютер құрастырды
Технология • Бүгін, 18:28
Мұз айдынындағы жаңа үміт: Мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев туралы не білеміз?
Спорт • Бүгін, 18:02
Қор нарығын дамытудың жаңа кезеңі басталады
Қаржы • Бүгін, 17:49
Швейцарияның бизнес мектебі болашақ кәсіпкерлерді даярлайды
Бизнес • Бүгін, 17:40
30 жерден пышақ сұққан: 7 баланың әкесін өлтірді деген күдікпен әйелі мен енесі ұсталды
Оқиға • Бүгін, 17:38
Рустам Әли Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:30