В Китае нашли двойника Илона Маска он работает в шашлычной

02.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қытайдың әлеуметтік желілерінде Шэньси провинциясының Тунчуань қаласындағы кәуапханада жұмыс істейтін 48 жастағы аспаз Ма Цзяньпин аяқ астынан танымал болды. Себебі ол америкалық миллиардер Илон Маскқа қатты ұқсайды, - деп хабарлайды Tengri Life Global Times басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін Ма Цзяньпин кәуап пісіріп, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетіп жүрген. Алайда ол жымиып немесе қасын сәл көтерсе болды, алжапқыш тағып, қолына аспаздық қысқыш ұстаған SpaceX басшысының өзі тұрғандай әсер қалдырады.

Ол түскен видеолар Қытайдың әлеуметтік желілеріне кең тарағаннан кейін, кәуапханаға келушілер көбейген. Жұрт енді мұнда тек дәмді кәуап жеу үшін емес, "қытайлық Маскпен" суретке түсу үшін де кезекке тұрады.

"Менің басты ғарышым - кәуап"

Кенеттен келген атақ пен блогерлердің қызығушылығына қарамастан, Ма Цзяньпин бұл жағдайға әзілмен қарайды әрі бұрынғы қарапайым қалпынан айнымаған.

"Әрине, мені мұндай танымал адамға ұқсатқандары жағымды. Бірақ менің негізгі кәсібім - ас әзірлеу. Басты міндетім - адамдарды дәмді тамақтандыру", - дейді аспаз.

Жанкүйерлерінің өтінішімен ол тіпті ресми костюм киіп видео түсірген. Онда өзінің "ғарыш бағдарламасын" әрі қарай жалғастыратынын, бірақ қоғамдық тамақтану саласында дамытатынын әзілмен айтқан.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью