В. Путин С. Уиткоффпен кездеседі

22.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде АҚШ президентінің арнаулы өкілі Стив Уиткоффпен кездеседі. 

Бұл ақпаратты Путин де, Уиткофф та растады. Америкалық дипломат Мәскеуге Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен бірге барады. Бұған дейін Уиткофф Украинадағы соғысты реттеу бойынша алға ілгерілеу барын айтқан. Оның ойынша, Ресей бітімге келуі мүмкін. «Әзірге басты кедергі жер дауы болып тұр» деді. Ал Владимир Путин АҚШ-та бұғатталған ресей активтеріне қатысты мәселені қозғайтынын жеткізді. Бұл ақша бейбіт келісімге келген соң қалпына келтіру жұмыстары үшін қажет болмақ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью