Ваагн Овакимян: Қазақстан халқының ауызбіршілігіне тәнті болдым

15.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бүгін елімізде жаңа Конституция жобасын қабылдауға байланысты республикалық референдум өтіп жатыр. Ел азаматтары мемлекет дамуының келесі кезеңін айқындайтын маңызды саяси оқиғаға қатысып, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер бойынша өз таңдауын жасауда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдумның басты мақсаты – елдің негізгі заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың тікелей дауыс беруі арқылы қабылдау. Сарапшылардың пікірінше, ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, демократиялық институттарды нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Маңызды саяси науқанның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету үшін референдум барысын халықаралық бақылаушылар да қадағалап отыр. Сондай-ақ көрші елдердегі сайлау комиссияларының төрағалары да бірқатар дауыс беру учаскелерін аралап, референдумның ұйымдастырылу барысымен танысты.

Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Мисакович Овакимян Қазақстандағы референдумның ұйымдастырылуына оң баға беріп, азаматтардың өз пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай маңызды саяси науқандарға халықаралық бақылаушылардың қатысуы референдумның ашықтығы мен сенімділігін арттыруға ықпал етеді.

«Біздің мақсатымыз Қазақстандағы референдумның ұйымдастырылу барысымен танысып, тәжірибе алмасу. Бүгін бірнеше референдум учаскесінде болдым. Байқағаным сіздерде барлық учаскелерде мемлекеттік ту мен елтаңба ілініп тұрады екен. Осы үрдіс маған қатты ұнады. Тағы бір айта кетерлік жайт, референдум өте тыныш, бейбіт жағдайда өтіп жатқаны таңғалдырды. Ешкім ұрсып немесе қарсылық танытып жатқан жоқ. Біздің елімізде сайлау немесе референдум тартысты өтеді. Партиялар арасында әжептәуір күрес болады. Сіздерде барлығы басқаша. Қазақстан халқының ауызбіршілігіне тәнті болдым», деді Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Оның айтуынша азаматтардың референдумға белсенді қатысуы елдің саяси жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Есік қаласындағы референдум учаскесіне «Алтын адам» келді

Референдум • Бүгін, 12:33

Атыраудағы «Теңіз» кен орнында 10 мыңнан астам адам дауыс беріп жатыр

Референдум • Бүгін, 12:33

Қостанай облысының әкімі дауыс берді

Референдум • Бүгін, 12:30

Ваагн Овакимян: Қазақстан халқының ауызбіршілігіне тәнті болдым

Референдум • Бүгін, 12:26

Республика бойынша 4,6 млн-нан астам адам дауыс берді

Референдум • Бүгін, 12:25

Бахтиёр Худоёрзода: Азаматтардың белсенділігі жоғары екенін көріп отырмыз

Референдум • Бүгін, 12:23

Жазушылар мен актерлер ел болашағы үшін дауыс берді

Референдум • Бүгін, 12:18

Референдум: Түркістан облысында туған күн иесі алғаш рет дауыс берді

Референдум • Бүгін, 12:14

Халықаралық байқаушы: Дауыс беру үдерісінің ашықтық деңгейі өте жоғары

Референдум • Бүгін, 12:12

Атырау облысында 100 жастағы тыл ардагері үйінде дауыс берді

Референдум • Бүгін, 12:03

Референдум учаскесіне келген ертегі кейіпкерлері ел назарын аударды

Референдум • Бүгін, 11:58

Маңғыстаулық жас жұбайлар таңдауын жасады

Референдум • Бүгін, 11:57

Алматыда «Бүркіт» референдумда өз таңдауын жасады

Референдум • Бүгін, 11:52

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Президент • Бүгін, 11:50

Алматыда «Инватакси» тегін жұмыс істеп жатыр

Референдум • Бүгін, 11:37

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью