Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
- Өкінішке қарай, елімізде екпеден бас тарту деректері жыл сайын артып келеді. Мұндай жағдай басқа да елдерде байқалып отыр. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасып келеді. Инфекциялық аурулармен күресте вакцинопрофилактика арқылы қол жеткізілген айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, соңғы жылдары әлем елдерінде вакцинациядан бас тарту үрдісі артты. Бұл өз кезегінде эпидемиологиялық ахуалды сақтауға қатысты мәселеде алаңдатады, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ведомство мәліметіне қарағанда, вакцинациядан бас тарту себептерін талдау көрсеткендей, негізгі себептер: жеке наным-сенімдер (62%), діни көзқарастар (16%), вакциналарға сенімсіздік (15%), интернеттегі теріс ақпарат (8%).
- Екпеден бас тартудың басым бөлігі 2 жасқа дейінгі балаларға (58%) тиесілі. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі екпеден бас тарту жағдайын азайту және халықтың хабардарлығын арттыру үшін кешенді тәсілді қолданады. Сондай-ақ вакцинация мәселелері бойынша EGU.kz ақпараттық порталы жұмыс істейді. Діни лидерлермен, соның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен ынтымақтастық орнатылған, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зерттеулері негізінде бірлескен шаралар әзірленіп жатыр. Медицина қызметкерлерінің құзыреттілігі де артып келеді, яғни 2025 жылы 2,7 мыңнан астам семинар өткізіліп, 46 мыңнан астам маман оқытылды, - деп аталып өткен ДСМ ақпаратында.
Айта кетейік, елде вакцинадан бас тарту жағдайлары соңғы 8 жылда 4,8 есе артқаны мәлім болды.