Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бұрымды боксшымыз 75 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында оңтүстіккорелық Суен Сонмен қолғап түйістірді. Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдық танытып, қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Ал екінші раундта Хальзова қарқынын арттырып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.
Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) қарсыласы жарыстан бас тартқанына байланысты тікелей жартылай финалға жолдама алды. Сондай-ақ Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) финалға шығу үшін бақ сынайды. Ал Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) және Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.