Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Отандасымыз финал жолдамасын қытайлық Цзыи Баомен сарапқа салды.
Тәжірибелі отандасымыз қашықтықта жұмыс істеп, қарсыласының әр шабуылын толықтай бақылау алуға тырысты. Ал Қытай боксшысы 3 раунд бойы тоқтаусыз шабуылда болды.
Нәтижесінде төрешілер 3:1 есебімен жеңісті Зи Баоға берді.
Валентина Хальзова 1997 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген. Қазірге дейін 2016 жылы әлем чемпионы атанса, 2022, 2023 жылдары қола жүлдегер болды.
Азия чемпионатында 2017 жылы күміс медаль алған еді.
Оның қарсыласы 2024 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Бақыт Сейдіш (70 келі) қытайлық Алимир Абудуреймуді 5:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Енді ел құрамасынан бес спортшы шаршы алаңға шығады. Алдымен Махмұд Сабырхан (55 келі) моңғолиялық Хархуу Билгуунсайханмен кездессе, Надежда Рябец (80 келі) үндістандық Пуджа Рани, Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) өзбекстандық Олтиной Сотимбоева, Ертуған Зейнуллинов (65 келі) таиландтық Бунджонг Синсиримен қолғап түйістіреді.
Бүгінгі жарыс күнінде соңғы жекпе-жекті Төрехан Сабырхан (70 келі) қытайлық Пейчен Ванға қарсы өткізеді.
Сондай-ақ еліміздің ерлер құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), әйелдерде Айгерім Сәттібаева (48 келі) жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Құрлықтық додада ел құрамасынан барлығы 13 боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.