Вашингтон Трамп пен Зеленскийдің Флоридада кездесетінін растады

27.12.2025

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі, 28 желтоқсанда Флоридада кездеседі. Бұл туралы Ақ үй мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ке сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі, 28 желтоқсанда Флоридада кездеседі. Бұл туралы Ақ үй мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ке сілтеме жасап.

АҚШ көшбасшысының кестесіне сәйкес, екіжақты келіссөздер түстен кейін сағат 15:00-де (Астана уақытымен 02:00) Палм-Бич қаласында өтеді. Іс-шараға журналистерді қатыстыру жоспарланған.

Бұған дейін Зеленский Флоридада Трамппен кездесетінін хабарлаған еді. Украина президентінің айтуынша, ол кездесуде Киев әзірлеген 20 тармақтан тұратын жаңа бейбіт жоспарды таныстырады.

Axios басылымына берген сұхбатында Зеленский АҚШ Украинаға 15 жылға арналған қауіпсіздік кепілдіктерін ұсынғанын, әрі оны кейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылғанын айтты.

Ал Politico-ға берген сұхбатында Трамп алдағы кездесуде белгілі бір келісімге келу ықтималдығын жоғары бағалайтынын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью