Ваучерлік қаржыландыру нәтижесінде балабақша кезегі 7 есеге жуық қысқарды

10.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобалар балабақша кезегінің қысқаруына ықпал етті, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.

Ведомствода хабарлағандай, бұған дейін балабақша орындарына кезектің вертикалды қағидатпен қалыптасуы жалған контингентті тіркеу, балабақшалар арасындағы бәсекелестіктің шектелуі және бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына алып келді.

Жаңа механизм аясында деректердің дұрыстығын тексеріп, бұзушылықтарды анықтайтын тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлудің объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Қазіргі таңда ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба 20 қала мен 23 ауданда іске асырылып жатыр. Оған 6 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйым қатысып отыр. Жоба аясында 1 миллионнан астам ваучер берілді", - деп жазылған хабарламада.

Жаңа механизмді іске асыру нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар саны артты. Сонымен қатар кезекте тұрған 2-6 жастағы балалар саны 160 мыңнан 23 мыңға дейін қысқарды.

Пилоттық жоба аясында 35 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Үнемделген қаражат есебінен қосымша ваучерлер беріліп отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью