Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстан құрамасының тректегі велоспорт бойынша өкілі Әлішер Жұмақанов Тайгатайда (Филиппин) өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір жүлде салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстандық спортшы скрэтч дисциплинасында екінші нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленді.
Жарыста жеңісті Хайцзяо Сунь (Қытай) жеңіп алды. Үшінші орынды Цун Вай Чу (Гонконг) иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы үш жүлде еншілеген болатын.
Әлішер Жұмақанов ұпай бойынша топтық жарыста екінші орын алды. Ал Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов мэдисон жарысында күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Рината Султанова жеке із кесу жарысында қола медаль жеңіп алды.