Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Велоспорттан әлем чемпионатына байланысты Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлады қалалық әкімдік.
16 тамызда Алматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында велоспорттан Gran Fondo World Championship әлем чемпионатының өтуіне байланысты әл-Фараби даңғылының кей жерінде көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгереді.
Жол қозғалысындағы өзгерістер:
Сағат 05:30-дан 06:40-қа дейін әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Талғар тас жолына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Сағат 05:30-дан 10:30-ға дейін Достық даңғылынан Науаи көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Бұл шаралар жарысқа қатысушылар мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Жүргізушілерден өзгерістерді ескеріп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Еске салайық, 16 тамызда Алматыда Gran Fondo World Championship өтеді. Жарысқа 20-дан астам елден 1000-ға жуық әуесқой спортшы қатысады. Қатысушылар үшін 95, 50 және 37 шақырымдық қашықтық бойынша сынға түседі.