Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Еуропаның мәдени астаналарының бірі – Вена қаласында өткен «Түркі апталығы» түркі дүниесінің рухани байлығы мен өнердегі тұтастығын айшықтаған тағылымды мерекеге айналды. Айтулы мәдени шара аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері өнер көрсетіп, ұлтымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен асыл қазынасын әлем жұртшылығына танытты.
Халықаралық сахнада ұсынылған концерттік бағдарлама көрерменді ұлттық өнердің тереңіне жетеледі. Белгілі хореограф, сахна мәдениетінде өзіндік қолтаңбасы бар Әнел Марабаева орындаған «Аққу» биі нәзіктік пен сұлулықтың рәмізіндей әсер қалдырды. Қозғалыс пен сезімнің үйлесімі арқылы көрермен жүрегіне жол тапқан туынды қазақ би өнерінің биік деңгейін танытты.
Ал опера әншісі Әйгерім Алтынбектің орындауындағы «Алқоңыр» әні залды тербеп, даланың кең тынысын, ұлттық болмыстың сырлы әуезін кәрі кұрлық төрінде әуелетті. Әннің әсем иірімдері мен орындаушының кәсіби шеберлігі шетелдік тыңдарманды бейжай қалдырмай, қазақ вокал өнеріне деген зор қызығушылық туғызды. Сонымен қатар «Temirlan & Yernat» тобы орындаған «Alem» күйі дәстүрлі күй өнерін заманауи стильмен сабақтастырып, концертке ерекше серпін берді.
«Түркі апталығы» Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бастамасымен өткізіліп, ұйымға мүше елдердің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын тереңдете түсті. Апта бойы ұйымдастырылған концерттер мен мәдени бағдарламалар арқылы түркі халықтарының ортақ тарихы, бай музыкалық мұрасы мен би өнері кеңінен насихатталды. Апталық шеңберінде өткен гала-концертке Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдерінің шығармашылық ұжымдары қатысып, әр халықтың өзіндік болмысын, өнердегі ерекшелігін көрсетті. Ортақ сахнада тоғысқан бұл өнер мерекесі түркі жұртының бірлігі мен мәдени жақындығын айқын аңғартып, Вена жұртшылығы мен қала қонақтарына ұмытылмас рухани әсер сыйлады.
Соңғы жаңалықтар
Теннис • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Тарих • Бүгін, 08:05
Келешек мектептері • Бүгін, 08:00
Келешек мектептері • Бүгін, 07:55
Білім • Бүгін, 07:45
Ғасыр жасаған соғыс ардагерін құттықтады
Өшпес даңқ • Кеше
Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс
Қоғам • Кеше
Конституцияға өзгерістер: Белгілі заңгер пікір білдірді
Қоғам • Кеше
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өмір сүру құқығы мен әділ сот – Конституцияның іргетасы
Қоғам • Кеше
Азат Перуашев: Бір палаталы Парламентке көшу – саяси реформаның қисынды жалғасы
Құрылтай • Кеше
Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау
Қоғам • Кеше
Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады
Ата заң • Кеше
С.Пономерев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі
Экология • Кеше
Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі
Ата заң • Кеше