Венада өткен ЕҚЫҰ конференциясында Қазақстанның тәжірибесі ұсынылды

24.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Іс-шараға Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко бастаған қазақстандық делегация қатысты. Делегация басшысы негізгі сессияда ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Синирлиоглу, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро директоры Мария Телалиан, ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі Кэри Джонстон және басқа да халықаралық сарапшылармен қатар сөз сөйледі.

– Бұл алаң ұлттық және халықаралық деңгейдегі күш-жігерді үйлестіруге мүмкіндік береді. Адам саудасы әлі де адам құқықтарының ең ауыр бұзылуының бірі болып отыр және көбінесе жасырын сипатта болады. Сондықтан бұл мәселеге қарсы күресте алдын алу, анықтау, тергеу және жәбірленушілерді қорғау шараларын қамтитын кешенді тәсіл қажет, – деді Станислав Василенко.

Конференция қатысушыларына Қазақстанда адам саудасына қарсы күрес бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, еліміздің адам құқықтары саласындағы 60-тан астам көпжақты халықаралық шарттарға, оның ішінде қазіргі заманғы құлдық түрлеріне қарсы бағытталған 13 құжатқа қосылғаны айтылды.

Қазақстан 2003 жылы қабылданған ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы іс-қимыл жоспарына қосылғанын және қазіргі уақытта 2027–2029 жылдарға арналған ұлттық жоспарды жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатқаны да атап өтілді.

Конференция аясындағы «Аман қалуды қылмыстық жауапкершілікке тарту: адам саудасының жасырын аспектілерін ашық талқылау» атты тақырыптық сессияда қазақстандық сарапшы Сәкен Қабиболла Мьянмадағы тәжірибесімен бөлісіп, мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша ұсыныстарын ұсынды.

Айта кетейік, Ақмола облысында адам саудасына қатысты үш іс тоқтатылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью