Венесуэла БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен көмек сұрады

13.10.2025

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Венесуэла Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінен көмек сұрады. АҚШ-пен арадағы жағдайға араласып, елдің егемендігі мен тәуелсіздігін растауды өтінді.

Бұл туралы Венесуэланың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Самуэль Монкада хабарлады. Ол «Кеңес істің насырға шаппауына мүмкіндік беретін қажетті шараларды тез арада қабылдауы тиіс», - деді. Қыркүйекте АҚШ бірнеше рет қарулы күштерін Венесуэла жағалауы маңына есірткі тасымалдайтын қайықтарды жою үшін жіберген еді. Бұған дейін NBC арнасы АҚШ әскерилері Венесуэладағы есірткі сатушыларға соққы беруге дайындалып жатқанын хабарлады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью