Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Родригес пен ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо Х әлеуметтік желісінде өздерінің алғашқы посттарын жариялады.
- Осылайша, біз қайтадан байланысқа шықтық. Венесуэла күш-қуат, өзіне деген сенімділік пен тарихи санасы арқылы өз қалпын сақтап қалды. Экономикалық тұрақтылық, әлеуметтік әділдік, басқаша айтқанда Венесуэла халқы лайықты мемлекет жолында болашаққа нық қадам баса береміз, - деді Родригес.
Осыған дейін Х платформасын қаншама мәрте сынаған Ішкі істер министрі Кабельо Венесуэлада бұл арнаның қайтадан халықтың байланыс көзі болып қала беретінін мәлімдеді.
- Байланыста болыңыздар, біз жеңеміз, - деді ведомство басшысы.
Осыған дейін Венесуэланың АҚШ-пен алғашқы дипломатиялық байланыстарды бастайтыны және Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп жариялағаны туралы жаздық.