Венесуэладағы апаттан қаза тапқандар саны 5546 ға жетті

25.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Оның айтуынша, тек соңғы бір апта ішінде алған жарақаттарының салдарынан тағы 148 адам қайтыс болған. Жалпы жараланғандар саны 16,7 мыңнан асты.

Табиғи апаттың салдарынан 18 мыңға жуық адам баспанасыз қалды. 190 ғимарат толықтай қирап, тағы 856 нысан соншалықты қатты зақымданғандықтан, тұруға жарамсыз болып қалған. Үйінділер астынан 6 462 адам аман-есен құтқарылды. Ең көп зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатқандықтан, құрбандар саны артуы мүмкін.

Перуде жер сілкінісінен алты адам қаза тапты

Биліктің мәліметінше, 48 мыңға жуық адамға медициналық көмек көрсетілген. Баспанасыз қалған тұрғындар үшін уақытша лагерьлер ұйымдастырылып, зардап шеккен өңірлерге азық-түлік пен ең қажетті тұрмыстық заттар жеткізілуде.

Жер сілкіністері 24 маусымда болды. Сейсмологтар магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер асты дүмпуін тіркеген. Екі дүмпудің арасы шамамен 40 секунд болған. Одан кейін елде 1,5 мыңнан астам афтершок (қайталама жер сілкінісі) тіркелді.

Мексика жағалауындағы жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды

Дүниежүзілік банктің бағалауынша, апаттан келген экономикалық шығын шамамен 19,6 млрд АҚШ долларын құраған. Ал елді толық қалпына келтіруге 50 млрд АҚШ долларына дейін қаражат қажет болуы мүмкін.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью