Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АҚШ Қарулы күштері Бас штабының басшысы Дэн Кейн Венесуэланың астанасы Каракасқа жасалған шабуыл және ел президенті Николас Мадуроны ұстау операциясының егжей-тегжейін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Анадолы
Флоридада өткен баспасөз мәслихатында Кейн «Соңғы шешім» деп аталған операцияны жоспарлау мен дайындау бірнеше айға созылғанын және оған Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) мен Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (ҰҚА) қолдау көрсеткенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, АҚШ желтоқсан айының басынан бері бейбіт тұрғындар арасындағы шығынды азайтып, тосыннан соққы жасау факторын барынша пайдалану үшін қолайлы күнді күткен. Ауа райы жақсарған соң, президент Дональд Трамп жергілікті уақытпен сағат 22:46-да операцияны бастау туралы бұйрық берген.
Кейн түн ішінде Батыс жарты шардағы құрлықтағы және теңіздегі 20 түрлі базадан ұшақтар көтерілгенін айтты. Жалпы алғанда, операцияға 150 бомбалаушы, жойғыш және барлау ұшағы қатысқан.
Оның сөзінше, ұшу құрамындағы ең жас әскери қызметкер 20 жаста, ал ең үлкені 49 жаста болған. Тікұшақтар су деңгейінен шамамен 30 метр биіктікте ұшқан.
Операция барысында F-22, F-35 және B-1 үлгісіндегі ұшақтар, сондай-ақ көп мөлшерде дрондар пайдаланылған. Венесуэла аумағына жақындаған кезде елдің әуе қорғаныс жүйелері істен шыға бастаған. Ұшу кезінде операцияға АҚШ-тың Ғарыш қолбасшылығы мен Киберқолбасшылығы да қолдау көрсеткен.
Жергілікті уақытпен сағат 02:01-де Каракаста Мадуро кешені тосыннан басып алынған. Кейннің айтуынша, мақсатқа жеткен кезде тікұшақтарға оқ атылған, ал олар өзін-өзі қорғау мақсатында жауап қайтарған. АҚШ-тың бір ұшағы зақымданғанымен, ұшуын жалғастыра алған.
Генерал операция барысында барлау бөлімшелері құрлықтағы әскерге нақты уақыт режимінде ақпарат беріп отырғанын атап өтті. Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес беріліп, АҚШ Әділет министрлігі тарапынан қамауға алынған.
Кейн АҚШ тарапы бұл операция кезінде адам шығынына ұшырамағанын растады. Мадуро мен оның жұбайы ұсталғаннан кейін америкалық әскер Венесуэла аумағынан шығарыла бастаған.
Эвакуация кезінде жойғыш ұшақтар мен дрондар әуеден және атыстық қолдау көрсеткен. Оның айтуынша, барлық ұшақ базаларына аман-есен оралған.
Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Делси Родригес Николас Мадуро тұтқындалғаннан кейін президенттің міндетін уақытша атқарады.
Венесуэла Каракастағы жарылыстардан кейін АҚШ-ты әскери агрессия жасады деп айыптады
The Economic Times мәліметіне сәйкес, Конституциялық палата бұл шешімді басқару тоқтап қалмауы және әкімшіліктің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қабылдады.
Соттың қаулысында Родригес «Венесуэла Боливариан Республикасының президентінің міндетін атқарып, елдің әкімшілік жұмыстарының жалғасуын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді» деп көрсетілген.
Шешім Мадуро қызметінен алынып, АҚШ-қа жеткізілгеннен кейін бірнеше сағат өткен соң қабылданды. Бұл оқиға мұнайға бай Оңтүстік Америка елін басқару мәселесінде белгісіздік туғызды.
Венесуэла вице-президенті Делси Родригес АҚШ-тан Николас Мадуроны дереу босатуды талап етіп, «Венесуэла ешбір елдің отары болмайтынын» жария етті.
Соңғы жаңалықтар
Венесуэлаға қарсы әскери операцияға 150 бомбалаушы, жойғыш және барлау ұшағы қатысқан
Әлем • Бүгін, 15:03
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Венесуэладағы жағдайға байланысты шұғыл отырыс өткізеді
Әлем • Бүгін, 14:45
Ұлытау облысында жоғалған үш адам табылды
Қоғам • Бүгін, 14:20
Ақтауда жүргізушілер жол таңбаларының сапасына шағымданды
Аймақтар • Бүгін, 14:10
Аружан Сағандықова 7 млн теңгелік турнирде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 13:47
2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады
Үкімет • Бүгін, 13:17
Астанада мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тапсырылды
Мәдениет • Бүгін, 12:53
Фаббинг деген не және ол не үшін зиян?
Қоғам • Бүгін, 12:30
2025 жылы Қазақстанда қанша көлік шықты?
Өндіріс • Бүгін, 12:13
ФИФА шектеу енгізді: Қостанайдың «Тобылы» санкцияға ілікті
Спорт • Бүгін, 11:45
Air Astana қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешігетінін ескертті
Қоғам • Бүгін, 11:27
Дастан Сәтпаев жас футболшылардың әлемдік рейтингінде көш бастады
Спорт • Бүгін, 11:08
Алматы облысында суға батып кеткен төрт баланың бірі қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 10:42
Айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр
Қаржы • Бүгін, 10:29
Венесуэлаға уақытша президент тағайындалды
Әлем • Бүгін, 10:07