24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АҚШ Венгрияның Ресейден мұнай мен газ сатып алуына тосқауыл қоймайды.
Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Виктор Орбан Дональд Трамппен Ақ үйдегі кездесуден соң мәлімдеді. Венгрияға өзге мемлекеттерден энергетикалық ресурстарды жеткізу қиын. Өйткені елдің теңізге шығар жолы жоқ. Орбанның сөзінше, ресейлік мұнай мен газдан бас тарту ел экономикасына кері әсер етеді. Бүгінде Венгрия 80% мұнайды Ресейден сатып алып отыр.