Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
ТАСС мәліметінше, билік коалициясына кіретін ХДХП Виктор Орбан жетекшілік ететін «ФИДЕС – Венгрия азаматтық одағы» партиясымен бірге парламенттегі басымдықтан айырылып, «Тиса» оппозициялық партиясына жол берген.
– Жолт Шемьен сайлаудағы нәтиже үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, қызметінен кету туралы өтініш жазды. Алайда ол партия төралқасының жабық дауыс беруінде бірауыздан қабылданбай қалды, – делінген хабарламада.
Саясаткер партия басшысы қызметінде «буын алмасуы мен жаңару кезеңінде» қалуға келісім бергенін айтты.
– Мен бұл міндетті орындаймын, – деді Жолт Шемьен.
Сонымен қатар ұқсас міндеттер «ФИДЕС» партиясының алдында да тұр. Партия жақын арада алдағы саяси стратегиясын айқындау үшін отырыстар өткізеді. Онда Виктор Орбанның партия көшбасшысы ретінде қалу-қалмауы да қаралады.
Ал Венгрия парламентінің жаңа шақырылымдағы алғашқы отырысы 9 мамырға жоспарланған. Онда «Тиса» партиясының жетекшісі Петер Мадьяр жаңа премьер-министр болып сайлануы мүмкін.
Жаңа құрамда «ФИДЕС» пен ХДХП парламенттегі 199 орынның 52-сін ғана иеленіп, оппозицияға өтеді.
Айта кетейік, АҚШ вице-президенті парламент сайлауы алдында Венгрияға барады.