Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Венгрия Украинадағы қақтығысқа қатысуға және жас венгрлерді сол жерге жіберуге "жоқ" деп айта алуы керек, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.
"Біз жоқ деп айта алуымыз керек. Біз соғысқа бармаймыз. Біз жастарымызды жібермейміз. Біз Украинаны қаржыландырмаймыз. Брюссельдің айдауына көніп жүгіре жөнелмейміз", - деп жазды Орбан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, қазіргі Венгрия үкіметі мұны істей алады, бірақ оппозиция ондай қауқарлы емес.
Венгрия премьер-министрі бұған дейін НАТО бас хатшысы Марк Рюттенің қақтығыс аяқталғаннан кейін Украинаға батыс әскерлерін жіберу туралы сөздері орындалса, бұл Батыс пен Ресей арасындағы соғысты білдіреді деп мәлімдеген.
Орбан еуропалық көшбасшылар 2030 жылға қарай Ресеймен соғыс бастауды шынымен қарастырып жатқанын және Венгрия бұл қақтығысқа араласпауға барын салуы керек екенін айтқан.