Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Құжат жобасы ветеринария қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған және бұл саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.
Мәжіліс депутаты Серік Егізбаевтың айтуынша, заң жобасында ветеринария саласындағы өкілеттіктерді мемлекеттік басқару деңгейлері арасында ажырату, жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдарға тән емес функцияларды алып тастау, ветеринария саласында тиісті мамандардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау, оларды есепке алу, біліктілігін арттыру мақсатында ветеринариялық палата нысанындағы қоғамдық ұйымның ветеринариялық статуарлық орган құру ескерілген.
Сонымен қатар, құжатта ветеринариялық препараттардың айналымы рәсімдерін ЕАЭО құжаттарына сәйкестендіру, бұл саладағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары мамандарын арнайы киіммен қамтамасыз ету қарастырылған.
— Заң жобасының ережелерін іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жыл сайын шамамен 27 млрд теңге қосымша шығындарды бөлу талап етіледі. Бұл ретте Үкіметтің оң қорытындысы бар. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, — деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.
Айта кетейік, бұған дейін ауылдағы ветеринардың жалақысы өсетіні мәлім болды.