Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Вьетнамдағы су тасқыны мен көшкіннен опат болғандар саны 43-ке жетті. Тағы тоғыз тұрғын із-түзсіз жоғалды. Даклак пен Кханьхоа провинциялары ең көп зиян шекті.
10 мың гектардан астам егін алқабы бүлінді. 30 мыңдай мал мен құс қырылып қалды. Орталық аудандарда бір млн-ға жуық адам жарықсыз отыр. Тұрғындарға көмек беру үшін 60 мыңнан аса әскери жұмылдырылған.