Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Вьетнамның Фукуок аралы маңында 36 адам мінген жылдам жүретін катердің аударылуы салдарынан 15 адам көз жұмды, деп хабарлайды VnExpress порталы.
Катерде 32 Үндістан азаматы және төрт экипаж мүшесі болған.
"32 үндістандық турист пен төрт экипаж мүшесін тасымалдаған жылдам жүретін катер 11 шілде күні Вьетнамдағы ең ірі Фукуок аралы маңында аударылды. Соның салдарынан 15 адам көз жұмды", – деп жазды басылым.
Қайғылы оқиғаның нақты себептері әзірге хабарланған жоқ. Катерді пайдаланған Ocean Pear Island Company компаниясының өкілі кеме капитанының жолаушылар тасымалдайтын кемелерді басқаруда көп жылдық тәжірибесі болғанын мәлімдеді.