24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Вьетнамда нөсер жаңбыр басылар емес. Кемінде тоғыз адам қаза тауып, тағы бесеуі із-түзсіз жоғалған.
Хюэ мен Хойан сияқты танымал туристік өңірлерде жүз мыңнан астам үйді су басты. Негізі маусым мен қазан аралығындағы жаңбыр – аймақта жылда болатын қалыпты құбылыс. Бірақ биылғы нөсердің ауқымын мамандар тарихтағы абсолютті рекорд дейді. Метеорологтардың мәліметінше, тәулік ішінде мың миллиметрден астам жауын-шашын түскен. Қазір қауіпсіздік күштері жедел көмек көрсетіп, тұрғындарды эвакуациялап жатыр.