Вьетнамнан Алматыға ұшқан Air Astana рейсі әуежайға қайта оралды

26.12.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АЛМАТЫ, 26 желтоқсан – Sputnik. Вьетнамнан Алматыға ұшқан ұшақтың әжетханасы істемей қалып, әуежайға оралды, деп хабарлайды Air Astana.

26 желтоқсанда КС 162 Фукуок-Алматы рейсін орындаған Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралды.

"Ұшақта барлық дәретхананың істен шыққанына байланысты әужайға қайтып оралды. Әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 04 минутта ұшып шығып, 14 сағат 14 минутта аман-есен қонды. Қазір ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді компания.

Рейс 27 желтоқсанға, жергілікті уақыт бойынша сағат 04.00-ге дейін кейінге қалдырылды. Ыстық тамақ пен сусындар ұсынылды. Әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге жеткізу және орналастыру мәселелерімен айналасып жатыр.

Air Astana рейс кешіккені үшін жолаушылардан кешірім сұрады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью