Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Аталған облыстың Еңбекшіқазақ ауданында күрделі жөндеуден өткен перинаталдық орталық салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов қатысып, жаңғыртылған медициналық нысан өңір тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Денсаулық сақтау министрілгі
Жалпы аумағы 10,8 мың шаршы метрді құрайтын медициналық мекеме «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында толық жаңартылды. Жөндеу барысында 2007 жылы салынған ғимарат толық реконструкциядан өтті. Атап айтқанда, инженерлік инфрақұрылым жаңартылып, медициналық жабдықтар заманауи техникамен алмастырылды. 110 төсек-орынға арналған орталықта босандыру және неонатологиялық көмек көрсетудің толық циклі ұйымдастырылған. Бұл ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін күшейтіп, өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, жаңартылған орталық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді іс жүзінде жүзеге асырудың нақты үлгісіне айналып отыр.
Жұмыс сапары барысында Тимур Мұратов өңірдегі медициналық ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізіп, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін талқылады. Кездесудің негізгі тақырыбы – Конституциялық реформа болды.
Вице-министр алдағы референдумға шығарылатын елдің Негізгі заңына енгізілетін жаңашылдықтарға тоқталды. Оның айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер азаматтардың іргелі құқықтарын нығайтуға, соның ішінде сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
Сапар қорытындысында вице-министр Ядролық физика институты мен Orhun Medical компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеуге арналған отандық радиофармацевтикалық препараттар өндірісін дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Бұл бағыт өңірде жоғары технологиялы медицинаны дамытуға және ғылымды қажетсінетін өндірістерді кеңейтуге жол ашуы мүмкін.
Мамандардың пікірінше, мұндай жобалар елдегі онкологиялық ауруларды ерте анықтау және тиімді емдеу жүйесін дамытуға серпін береді.
Соңғы жаңалықтар
Жұмыс кабинетінен 15 мың доллар табылған: Петропавлда экс-судьяларға қатысты үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 17:58
Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 17:55
Гүл мен сыйлық аларда абай болыңыз: Бас прокуратура мереке қарсаңында азаматтарға ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 17:50
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Референдум • Бүгін, 17:45
Қостанайлық сарапшылар жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:38
Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты
Әлем • Бүгін, 17:24
Әзербайжандағы дрондар шабуылынан екі адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 17:08
Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:50
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:48
Қоғам • Бүгін, 16:41
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Әлем • Бүгін, 16:39
Робот Темірбек пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 16:30
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Оқиға • Бүгін, 16:12
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Медицина • Бүгін, 15:57