Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған тағы бір маңызды бастама – елде вице-президент лауазымын тағайындау. Оны Конституциямен бекіту.
Аталған лауазым иесі Президенттің тапсырмасын орындап, халықаралық форумдарда және өзге мемлекет өкілдерімен жүргізілетін келіссөздерде мемлекеттің мүддесін қорғайды.
Отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Бұл –әлем елдерінде бар тәжірибе.
Әлемде сайлау жүйесімен ерекшеленетін ел сөзсіз – АҚШ. Ел тарихында 45 рет президент пен 49 рет вице-президент сайланған.
Бұл елде вице-президент Президенттен кейінгі тұрған ең жоғары лауазым иесі. Президентпен бірге төрт жылға сайланады.
Егер президент қайтыс болса, отставкаға кетсе немесе қызметін атқара алмайтын жағдайда автоматты түрде мемлекет басқару ісі вице-президентке өтеді.
Өйткені АҚШ-та вице-президент жай ғана «орынбасар» емес. Нақты конституциялық өкілеттігі бар, халықаралық кездесулерде ресми өкіл, президент