Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Вице-Президент биыл елі­міз­де тарихи маңызы зор өзге­ріс­тер болып жатқанын айтты.

– Конституциямызда ұлттық бі­регейлігімізді, бірлігімізді, да­му мен ілгерілеуге деген ұмты­лы­сымызды айқындайтын құн­ды­лықтар мен қағидаттар бекі­тіл­ген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік пен Еге­мендік қоғамымыздың негізгі құн­дылықтары екенін үнемі айтып отырады. Сондықтан Рес­пуб­лика күні еліміздің әрбір аза­маты үшін айрықша маңызға ие, – деді Ерлан Қарин.

Вице-Президент Мемлекет бас­шысының жасампаз еңбек ку­льтін дәріптеуге, еңбек­сүй­гіш­тік пен кәсібилік құндылықтарын наси­хаттауға, жұмысшы маман­дық­тарының мәртебесін арт­тыру­ға ерекше мән беріп отыр­ға­нына назар аударды.

Сол себепті биыл Президент Жар­лығымен еліміздің дамуына ерек­ше үлес қосқан 120-дан ас­там еңбек ардагері, 470-тен астам өнеркәсіп және ауыл шаруа­шы­лығы салаларының еңбеккерлері, 150-ге жуық педагог пен ғалым, 120-ға жуық медицина қыз­мет­кері, 200-ден астам кәсіпкер жә­не басқа да азаматтар жоғары мем­лекеттік наградаларға ие бол­­ды.

Вице-Президент Ерлан Қа­рин марапат иелерін Мем­ле­кет бас­­шысының атынан алдағы Рес­публика күнімен құттықтап, олар­дың ел игілігі жолындағы еңбек­теріне толайым табыс, бақ-береке тіледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью