Вице президенттің міндеті қандай болады? | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қазақстан Республикасы Вице-президенті институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Әр нәрсенің өз уақыты бар деп халық бекер айтпайды. Менің ойымша, дәл сол уақыт келген сияқты.
Бүгін Ұлттық құрылтайдың қорытынды отырысында жаңа әрі маңызды ұсынысымды айтқым келеді.
Мен ұсынып отырған бұл жаңашылдық бірнеше жыл бойы жүйелі түрде қалыптастырған бүкіл саяси құрылымды өзара үйлестіріп, толықтыратын болады.
Әңгіме Қазақстан Республикасы Вице-президенті институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы болып отыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Вице-президентті Президент Парламенттің келісімімен, қарапайым көпшілік дауыспен тағайындайтын болады.
Оның өкілеттіктер аясын Мемлекет басшысының өзі айқындайды. Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша: – Қазақстан Республикасының мүдд
Читать полностью
Читать новость