Виктор Орбан Украинадағы қақтығыс Еуропаны банкротқа ұшыратады деп мәлімдеді

23.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Украинадағы қақтығыс Еуропаның кедейленуіне әкеліп соқтырады, деп мәлімлелі Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.

"Немістер өздерінің әскери стратегияларын ақылға сай деп санайды. Сол себепті олар соғысқа ақша құйып отыр. Немістердің логикасы осындай. Бірақ бұл Германия мен Еуропаны толық қаржылық банкроттыққа душар етеді, өйткені соғыс бізге үлкен шығын әкеледі", – деді Орбан Patriota YouTube каналында.

Оның айтуынша, Германия өкілдері "Еуропа Ресейге қарағанда шыдамды, Украинаға ұзағырақ қаржылық қолдау көрсете алады" деп ойласа, қатты қателеседі.

Бұған дейін Орбан Еуропалық одақтың қате саясаты оқшаулануға әкеліп, банкроттыққа жақындатып отырғанын айтқан болатын. Оның пікірінше, энергетикалық дағдарысты Ресей, АҚШ және Қытаймен келіссөз жүргізбей жеңу мүмкін емес, ал ЕО олармен диалог жүргізбей отыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью