Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
60 келі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалдық айқаста қытайлық боксшы Ю Тяньді 5:0 (30-27, 29-28, 30-27, 30-27, 29-28) есебімен жеңді.
Енді күндізгі сессияда 70 келіде қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов әзербайжандық Наби Исгандаровпен шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ 85 келіде Сұлтанбек Айбарұлы италиялық боксшы Паоло Карусомен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, Фос-ду-Игуасу қаласындағы байрақты бәсеке 26 сәуірге дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бразилияда өтіп жатқан әлем кубогында бүгін қанша қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығатынын жазған едік.