Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түрікменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері арасынан күндізгі сессияда әйелдер арасында 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек тағы бір отандасымыз Айдана Забынбекованы, Азия чемпионы Римма Волосенко (60 келі) АҚШ өкілі Алиша Крокетті 5:0, 60 келіде Виктория Графеева түркиялық Гизем Озерді 4:1 есебімен жеңді.
Ал Жазира Орақбаева 1/8 финалда 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Феруза Казаковаға 0:5 есебімен есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Ел құрамасынан кешкі сессияда қазақстандық үш боксшы шаршы алаңға шығады. 65 келіде Аружан Жаңабаева өзбекстандық Навбахор Хамидовамен, Лаура Есенкелді АҚШ өкілі Мэри-Энджелис Росендомен кездессе, 90 келіден жоғары салмақта қазақстандық қос боксшы Нұрлан Сапарбай мен Даниал Сапарбай ең мықтыны анықтайды.
Айта кетсек, Қазақстан Болгария астанасы 39 боксшыны аттандырды. Биыл Странджа кубогы 77 мәрте өткізіп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады.