Волейбол: Өскеменнің Берелі өз алаңында Тұранды қапы қалдырды

04.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Өскемен қаласында «А» тобында орталық матчта алаң иелері – «Берел» мен Түркістанның «Тұраны» сынға түсті.

Өскемендіктер өткен жылы күміс жүлдегер атанса, Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын «Тұран» өз тарихында алғаш рет ел кубогын жеңіп алған еді. Бұл жолы сербиялық маман Владимир Басовичтің шәкірттері алғашқы екі партияда айқын басымдылық танытты – 25:18, 25:14. Тек соңғы сетте «Тұран» 9:1 есебімен алға кеткенімен, өскемендіктер қуып жетіп қана қоймай, таразы басын өздеріне аудара білді –25:23. Қорытынды есеп – 3:0. 

Осылайша, ұпай санын 49-ға жеткізген «Берел» турнир кестесінде бұрынғыша үздік үштікті түйіндеп тұр. Түркістандықтар төртінші сатыға жайғасты. «Алматы» командасынан 3:0 (25:23, 25:6, 25:10) есебімен айласын асырған «Жетісу» (Талдықорған) 64 ұпаймен көш бастап келеді. 

Петропавлда «В» тобында «Астананы» 3:0 есебімен тізе бүктірген «Қуаныш» 57 ұпаймен екінші орынды нықтады. Ақтөбеліктер аса тартысты ойында 5-орындағы «Қарағандыны» 3:2 (24:26, 25:17, 25:23, 22:25, 16:14) есебімен жеңіп кетті. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жетісу» клубының 21 кездесу бойы жеңілмей келе жатқанын жазған болатынбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью