Волейбол: Қуаныш клубы Өскеменде Берелден басым түсті

18.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сейсенбі күні орталық кездесу алаң иелері – «Берел» мен «Қуаныш» (СҚО) командалары арасында болды.

Солтүстікқазақстандықтар 3:0 (25:21, 25:21, 25:17) есебімен жеңіске жетіп, өздерінің шеберлігі басым екендігін тағы бір дәлелдеді. Дүйсенбіде алматылықтарды дәл сондай есеппен тізе бүктірген «Қуаныш» 51 ұпаймен екінші орында келеді.

Ал 55 ұпаймен көш бастаған Талдықорғанның «Жетісуын» ешкім тоқтата алар емес. Марко Гршичтің шәкірттері Өскеменде алдымен «Астананы» 3:0 есебімен ұтса, бүгін «Қарағандының» меселін қайырды – 3:0 (25:23, 25:22, 25:15).

«Берел» 40 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұрса, «Тұран» (Түркістан) төртінші орынға табан тіреді. Түркістандықтар «Қарағандыдан» 3:1 есебімен айласын асырса, содан кейін «Астананы» қапы қалдырды – 3:1 (18:25, 25:17, 25:13, 25:13).

Үшінші тур ойындары 20 ақпанда мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Тұранның» Орталық Азия чемпиондар лигасында күміс жүлдегер атанғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью