Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Төртінші турдың екінші күні орталық матчта «Қуаныш» (СҚО) пен «Өскемен» командалары кездесті.
Осыған дейін Юрий Панченко жаттықтыратын солтүстікқазақстандық клуб 66 ұпаймен екінші орында тұрса, өскемендіктер (55 ұпай) үшінші сатыда еді.
Бұл жолы сәтті ойнаған сербиялық маман Владимир Васовичтің шәкірттері 3:0 (25:21, 25:20, 25:21) есебімен жеңіске жетті.
Талдықорғанның «Жетісуы» (бас бапкері Марко Гршич) қамшы салдырмай, 76 ұпаймен бұрынғыша көш бастап келеді. Талдықорғандықтар кеше «Астананы» 3:0 (25:12, 25:17, 25:19) есебімен ұтса, бүгін «Қарағандыны» қапы қалдырды – 3:0 (25:21, 25:20, 25:18).
Төртінші тур ойындары 23 наурызда аяқталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жетісу» клубының чемпионат басталғаннан бері ұпайдан шашау шығармай келе жатқанын жазған болатынбыз.