Волейбол: Жайық клубы көш басындағы Жетісуды ұтты

29.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Алғашқы ойынында «Ұшқын-Көкшетауға» жол берген талдықорғандықтар (бас бапкері Марат Адрышев) содан бері 11 матч бойы жеңілмей келе жатқан-ды.

Ал биыл чемпион атанған оралдықтар күзде басталған жаңа маусымда қарқынын бәсеңдетіп, «Жетісумен» қатар «Ақтөбе» мен «Атырауға» да есе жіберген болатын.

Бұл жолы бірінші партияда «Жетісу» 25:22 есебімен басымдылық танытты. Дегенмен бұдан кейін Виктор Козиктің шәкірттері ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай алды – 25:23, 26:24, 25:19. Қорытынды есеп – 3:1, «Жайықтың» пайдасында.

Осылайша, «Жетісу» клубының жолына тосқауыл қойған «Жайық» ұпай санын 28-ге жеткізді. Талдықорғандықтар 33 ұпаймен әзірге бірінші орында қалды. Бірақ оларды ақтөбеліктер (32 ұпай) өкшелеп тұр. 

Сергей Трикоз жаттықтыратын «Ақтөбе» бүгін «Ұшқын-Көкшетауды» тізе бүктірді – 3:1 (25:21, 25:27, 25:18, 29:27).

Жексенбі күні қай команданың көш бастайтыны «Ақтөбе» мен «Жетісудың» арасындағы кездесуде шешіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан «Атырау» клубының «Жетісуды» тоқтата алмағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью