Волейбол: Жайық клубы Жетісудың жеңіс сериясын тоқтатты

15.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Осыған дейін жеңіс сериясын бес матчқа жеткізген талдықорғандықтар (бас бапкері Марат Адрышев) турнир кестесінде 68 ұпаймен көш бастап келе жатқан еді.

Ал Виктор Козик жаттықтыратын оралдықтар 56 ұпаймен үшінші орында еді.

Бұл жолы М.Адрышев жас ойыншыларға сенім артты.

Бірінші партияда «Жайық» 25:15 есебімен басым түссе, екіншісінде «Жетісу» есе қайырды – 25:19. Үшіншісінде В.Козик шәкірттері алда болды – 25:21. Бірақ талдықорғандықтар таразы басын қайта теңестірді – 25:21. Шешуші, бесінші сетте есеп 14:11 болған мезетте «Жайық» бірнеше мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен матчты жеңіспен түйіндей алды – 17:15.

Осылайша, бұл ойында «Жайық» 2, «Жетісу» 1 ұпайға ие болды.

Бүгін сондай-ақ екінші орындағы «Ақтөбе» Алматының «Буревестник» командасын 3:0 (25:19, 25:22, 25:14) жеңіп, ұпай санын 64-ке жеткізді.

Атыраулықтар «Тараздан» 3:1 (25:17, 23:25, 25:14, 25:23) есебімен айласын асырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан көш басындағы «Жетісу» клубының «Атыраудан» басым түскенін жазған болатынбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью