Волейбол: Жетісу қатарынан 6 ойында жеңіске жетті

10.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Дүйсенбі күні біріншілікте көш бастап келе жатқан «Жетісу» командасы «Есілмен» (СҚО) кездесті.

Марат Адрышев жаттықтыратын талдықорғандықтар өткен жылы 29 қарашада ел чемпионы Оралдың «Жайығына» 1:3 есебімен есе жібергеннен кейін жеңіліссіз келе жатқан еді.

«Жетісу» солтүстікқазақстандықтарды 3:0 (25:19, 25:19, 25:16) есебімен қиналмай жеңді. Сөйтіп жеңіс сериясын алты матчқа жеткізді. Сондай-ақ «Ақтөбе» клубы «Таразды» 3:1 (25:18, 25:15, 27:29, 27:25) есебімен тізе бүктірді. 

Атыраулықтар «Буревестниктен» (Алматы) басым түсті – 3:0 (25:17, 25:21, 25:21). Алаң иелері «Жайық» клубы «Ұшқын-Көкшетаудан» айласын асырды – 3:0 (25:16, 25:16, 25:19).

«Жетісу» 50 ұпаймен жеке-дара көш бастаса, «Ақтөбе» (43 ұпай) екінші, «Атырау» (41) үшінші, «Жайық» (38) төртінші орында келеді. 

Бәсекелер 11 ақпан, сәрсенбі күні жалғасады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан «Жетісу» ерлер командасының суперкубок иегері атанғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью