Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Жарыстың өткен жылғы жеңімпазы «Жетісу» волейбол клубы (Талдықорған) жеребе қорытындысына сәйкес ширек финалда Қытайдың BAIC командасымен шеберлік байқасады.
Талдықорғандықтар жартылай финалға өтсе, турнирдің тағы бір фавориті жапониялық немесе индонезиялық клубтың біреуімен кездеседі.
Жеребеде жолы болған алаң иелері — оңтүстіккореялықтар ширек финалда кувейттік Salwa Al Sabah клубымен ойнайды. Оны ұтса, ирандық немесе таиландтық команданың қай жеңгенімен финал жолдамасын сарапқа салады.
Дода жеңімпазы мен финалисі 2026 жылғы клубтық әлем чемпионатына жолдама алады.
Өткен жылы Филиппинде өткен Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» топ жарған болатын.
Содан кейін сербиялық маман Марко Гршичтің шәкірттері Бразилияның Сан-Паулу қаласында клубтық әлем чемпионатында өнер көрсетті.
Бүгін Петропавл қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты төртінші үлкен туры жалғасын табады.
Турнир кестесінде 76 ұпаймен көш бастап келе жатқан талдықорғандықтар «Ақтөбемен» алаңға шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жетісу» клубының алғаш рет Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ «Жетісу» клубы чемпионат басталғаннан бері ұпайдан шашау шығармай келеді.
«Қуаныш» клубы өз алаңында «Берелден» ұтылып қалды.